SAS Protection SAS Protection Консалтингтік компания
Басшылық

Компания басшылығы

«SAS Protection» ЖШС басшылығы компания қызметін ұйымдастыруды, клиенттік жобаларды үйлестіруді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, шарттық міндеттемелерді және құпиялылық пен сапаның ішкі стандарттарын сақтауды қамтамасыз етеді.

Досов Талғат Болатбекович

ДИРЕКТОР

«SAS Protection» ЖШС-не ағымдағы басшылықты жүзеге асырады және компанияның негізгі қызмет бағыттары бойынша жұмысын үйлестіреді. Шарттық міндеттемелердің орындалуын ұйымдастыруға, клиенттермен және іскерлік серіктестермен өзара іс-қимылға, тартылған мамандардың жұмысын үйлестіруге, сондай-ақ құпиялылық талаптарының, Қазақстан Республикасы заңнамасының және компанияның ішкі стандарттарының сақталуына жауап береді. Берілген өкілеттіктер шегінде «SAS Protection» ЖШС мүдделерін білдіреді.